Ақтауда зорланған алты жасар Вика Астанадағы емханада көз жұмды. Бұл туралы Baq.kz. хабарлады.
Еске сала кетейік, 20 тамызда Ақтауда алты жасар қыз жоғалып кетті. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер баланы өндірістік аймақ ауданынан тапты. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, оған ыстық өткен және денесінде көптеген жарақат бар. Дәрігерлер зорлау фактісін қуаттады, ҚР ҚК 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды. 27 тамызда алты жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан санавиациямен Астанаға жеткізілді. 6 қыркүйекте Ақтау полицейлері 6 жасар қызды зорлауға қатысты күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу мәліметінше, оның қызды зорлағанын генетикалық сараптама да растап отыр.
Айта кетсек, оны зорлаған өзбекстандық эммигрант болып шыққан.