Ағымдағы жылдың басынан бастап Оңтүстік Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына 92,4 мың тонна дәнді дақыл экспортталды, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Облыста өсімдік шаруашылығы өнімін дамытудың маңызды бағыттарының бірі астық өсіру болып табылады. Ай сайынғы мониторинг жұмысына сәйкес, 2016 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша, облыста дәнді- дақылдар 121,1 мың тоннаны құрады.
Жыл басынан бастап 1025,1 мың тонна астық кіріске алынды, оның ішінде сатылым – 943,4 мың тонна, тұқымға – 8,5 мың тонна мен жем-шөпке-73,2 мың тонна. Олардың негізгі үлесі 89,3 пайыз.
Департаментте ағымдағы жылдың басынан бастап облыстан 92,4 мың тонна дәнді- дақыл экспортталғаны айтылды, ол өткен жылғымен салыстырғанда 12,1 пайызға көп. Астық Өзбекстан Республикасына экспортталды. Ал астықтың импорты 0,1 тонна мың тоннаны құрады, астық Ираннан әкелінді.
ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл егін шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 мың га. артып, 788,6 мың га болды.
Орташа есеппен республика бойынша өндірілген мақтаның - 100 %, жүзімнің - 65 %, бақшаның - 66 %, мақсарының - 40 %, жеміс-жидектің - 31 %, көкөністің - 24 % облыстың еншісінде.