Ақтөбелік оқушылар Ресейде терракт жасамақшы болған

/uploads/thumbnail/20170709193109107_small.jpg

Оқушылар дәстүрлі емес діндерді жақтаушылардың құрбаны болды. Қысымға ұшыраған екі кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар Ресейде жиһад жасауға келіскен. Бұл туралы inform.kz хабарлап отыр.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотының қылмыстық істер бойынша террористикалық топ құрып, насихаттаумен айналысып, діни шиеленіс туғызды деген айыппен  жеті ақтөбелікке қарсы қылмыстық іс қозғалды. Олардың ішінде екі оқушы болған.

Олардың «эмиры» болып діни экстремизмнің шетелдік уағыздаушыларын қолдайтын  Ақтөбе тұрғыны  Құдайбергенов тағайындалған. Ол Ресей Федерациясының тұрғындары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы «қасиетті соғыстың» арандатушысы болды.

Іс-қимыл стратегиясын әзірлеу үшін олар Ақтөбеде 2016 жылдың жазында жалға алынған пәтерлерде кездесу ұйымдастырып жүрген. Сондай шешімдердің бірі – 16 калибрлі аңшылық мылтығын Ресейге өздерімен бірге алып кету болған.

«Сотта анықталғандай, террористикалық топты ұйымдастыру үшін олар Ақтөбенің мектептерінің бірінде кездесу ұйымдастырған. Оның серіктестері екі кәмелетке толмаған оқушыны ертіп келген – Сәбитова мен Жалғас. Олар террористикалық топқа мүше болуға келісім берген. Құдайбергенов Ресей шекарасында адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық орындарда, түнгі клубта, сауда орталықтарында теракт жасауға жоспарлаған», – деп айтылды сотта.

Террористер «командасына» жаңа мүшелерді әлеуметтік желілерден іздеп отырған. «Вконтакте»  әлеуметтік желісінің көмегімен олар діни терроризмды насихаттаумен айналысқан. Жиһадқа шақыратын радикалды және экстремистік сипаттағы материалдарды жүктеп отырған.

«Эмир» радикалдары мен оның серіктері 2016 жылдың тамыз айының соңында ұсталды. Олармен бірге жоғарыда аталған мектеп оқушылары да ұсталған. Құдайбергенов  тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Оның төрт серіктесі 6 жылдан 9 жылға сотталды. Ал, кәмелеттік жасқа толмаған Сәбитов пен Жалғас түзеу мекемесінде алты жылдан жазасын өтейтін болады.

 

Связанные Статьи