Әлеуметтік қоғамның наразылығына ұшыраған «Қытай күйеулер» мәселесіне ұлтшылдар өкілі Мұхтар Тайжан да өз көзқарасын білдірді.
«Ойбай, біттік, тоздық, қытайлар қыздарымызды алып кетеді, арнайы агенттік ашып қойды».
«Ойбай, жастарымыз не болмақ, 91 тобы секілді бұзылып бара жатыр емес пе?»
«Ойбай, қазақ тіліміз өліп бара жатыр, не істейміз?»
Достар, өз басым қазақ қыздарымызға да, жастарымызға да сенем, паникаға еш негіз көріп тұрған жоқпын. Жалпы, жастарымыз негізі қазақ тілді, рухты, намысты.
1. Өзге ұлттарға тиген қазақ қыздарының ішінде 4-ақ пайыз ғана. Ал қазақ жігіттердің ішінде бұндайлар 8% құрайды. Негізі, интернет бар кезде өзгелерге тием, немесе өзге ұлттан алам деп жүрген қыздар мен жігіттер бәрібір бұндай мүмкіндікті табады. Бірақ негізінде қыздарымыз (96%!) қазақ жігіттерді таңдайды. Қазақ жігіттердің 92% қыздарды өз ұлтынан алады. Негізі, ол үшін қыздарымызға да, жігіттерге де басымызды иіп дұғай алғыс айтуымыз жөн! Жалпы жастарымызды ұнатамын.
2. Біз құрттай, кіп-кішкентай ұлт емеспіз. Шетелде тұрып жатқан қандастарымызды санамасақ та ұлтымыз Құдайға шүкір 12 млн астам құрайды, ол Қазақстанның 77%. Біз көршілеріміз - қырғыздардан, түрікмендерден, тәжіктерден, күржіндерден, әзербайжандардан, Балтия ұлттарынан (латыш, литва, эстонецтерден), біраз Европа ұлттарынан (чехтардан, венгрлерден, болгарлардан, швейцарлардан, австриялардан, т.б.) сөзсіз көппіз.
3. Айтайын дегенім, біз бір ауылдағы ұлт емеспіз. Үлкен ұлт болған соң арамызда жөзекшілер, нашақорлар, алқаштар, қыз текелер, сатқындар да болуы мүмкін. Адамның табиғаты сондай, басқа ұлттар да солай өмір сүріп жатыр өлмей. Арамызда 1-2% сондайлар болса да жалпы ұлтымыз одан тозбайды. Жалпы қыздарымыз да, жастарымыз да мықты, рухты, намысты болып қала береді.
4. Жастарымыз - ұлтымыздың болашағы. Жастар, яғни ұлтымыз, осы елде бақытты болып өмір сүру үшін, басқа елге қашып кетпес үшін жұмысты іздеп, өзгелермен қосылмас үшін, жігіттер ер азамат болу үшін, үйге, елге тірек болу үшін, Қазақ мемлекеті жастарға мықты білім, тұрақты жұмыс, жылы, ыңғайлы баспананы беру керек.
Қорытынды, қыздарымыз да, жалпы жастарымыз да жаман емес, жақсы. Бірақ біз оларға дұрыс шарт, әділетті мемлекет қалдыруға міндеттіміз. Онда немерелеріміз де осы елде жақсы өмір сүреді.
Оставить комментарий