«БАЙСЫРАҒАН» - «БАЙҒҰС» КІМ?..

/uploads/thumbnail/20170709194126971_small.JPG

...Дей ме қытай: «күң етем!»,

Дей ме орыс: «пұл етем!»,

Қазақ атын шығарып,

Байсыраған кім екен?..

 

Өмір бізде «жайсыз» ба?

Тек қытайға сайсыз ба?

«Жезөкше ме», «арсыз ба?»

Әлде шыны, байсыз ба?

 

Кім қорлаған Қазақты?

Кім қорлатқан Қазақты?

 

Шыны, Қазақ қызы ма?

Кім көрсеткен мазақты?

 

Қытай ма анау, төрде кім?

Қазақ па анау, көрде кім?

Бұны естіп, көргенше,

Артық па еді өлгенім!

 

Бұл шыны ма, құқай ма?

Лас па анауы, «бықай» ма?

Бүкіл ұлтты жер қылды-ау,

Тимек болған қытайға...

 

Олар, шыны соқыр ма?

Әлде қалдық, қоқыр ма?

Біздің ана құл билік,

Түк көрмес боп отыр ма?

 

Байға кімі барады?

Байсыз кімі қалады?

Қазақ қызын саудаға,

Орыс неге салады?..

 

Суық өтті денеден,

Бір пенде жоқ елеген.

Кім көрінген басынған,

Сорлы ұлт болдық не деген?

 

 

 

Көгімді бұлт торлайды,

Қандай заман орнайды?

Бай іздеген байғұстар,

Неге ұлтымды қорлайды?

 

«Сыйлығының» тосыны-ай,

«Қытай күйеу», осы ма ай?..

Көрінгенге мазақ боп,

Өтеміз бе осылай?..

 

Сөз сүйектен өтіп тұр,

Анау не деп көкіп тұр?

Соныменен, айтшы, ұлтым,

Кімнен ұят кетіп тұр?..

 

Жұмаш Көкбөрі,

12.01.2017 жыл.

 

Связанные Статьи