Қуандық Бишімбаев кемі 15 жылға сотталуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709194151515_small.jpg

«Ірі көлемде пара алды» деп ұсталған Қуандық Бишімбаев 15 жылға сотталуы мүмкін. Бірақ, бұрынғы Ұлттық экономика министрінің қанша ақша алғаны әзірге құпия ұсталып отыр. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Бишімбаев «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде, оны майшелпекке айналдырған деп күдіктенеді. Танымал шенеуніктің сыбайластары делінген «Бәйтеректің» бірқатар лауазымды топ-менеджерлерінің екі айдан бері қамауда отырғанын да айта кетейік.

Связанные Статьи