Мәжіліс депутаты: Уақытша тіркелуде өлсе не болыпты, үйінде де өлетін еді ғой

/uploads/thumbnail/20170709194715953_small.jpg

Парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-да орын алған адам өлімі  жайында пікір білдірді деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі.

«ХҚҚО-да болған кісі өлімі Қазақстанда тіркеу жүргізіліп жатқандықтан деп ойлайсыздар ма? Кісі өлсе не бопты, мәселен, ол денсаулық жағдайына байланысты үйінде жатып та, өліп кетуі мүмкін еді ғой. Мұндай мәселемен жедел жәрдем қызметкерлеріне жүгіну керек», – деді депутат. 

«Мен өзімді кінәлі деп санамаймын. Біз көптеген заңдар қабылдаймыз ал заңдарды жүзеге асыру – қажетті шара. Қазіргі уақытта тіркеу дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанына ешкім күмән келтірмейді», – деп мәлімдеді Жамалов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы қаласының Алатау ауданының ХҚКО-да 53 жастағы ер адам қайтыс болды.

Ал, одан бөлек, 11 қаңтар күні Алматы облысының Іле ауданынадағы ХҚКО-да 60 жастағы ер адам көз жұмған болатын.

Депутаттың бұлайша ақталуы қазірдің өзінде халықтың наразылығын туғызып, желіде қызу талқылануда. Солардың бірі "Facebook" парақшасында мынандай да пікір білдірген. 

Ұларбек Дәлейұлы: «Азаматтарды уақытша тіркеу туралы заң» арқылы біздің биліктің бүлікшілермен, террористермен, т.б. қылмыстық жағдайлармен күресуге дайын емес һәм қауқарсыз екенін көрсетті. Сонымен қоса, бұл піспеген заңы арқылы жоғарыда қаншама білімсіз мамандардың ел қазынасынан айлық алып отырғанын да білдік. Екі адамның өліміне себеп болды. Енді мараторий жариялайды деп ойлаймыз. Әлде, тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай ХҚКО-да уақытша тіркеуге келген 26-шы адамның өлімінен кейін барып, бұл шикі, асығыс заңға тоқтау қойыла ма, әлде?.."

Видео "Азаттық радиосы" сайтынан алынды.

Связанные Статьи