Мектептегі ең танымал әрі сұлу оқушы қыз қайғылы жағдайға ұшырады

    Nazerke Musa
    Мектептегі  ең танымал әрі сұлу оқушы қыз қайғылы жағдайға ұшырады

    15 жасар оқушы қыздың денесі Ұлыбританиядағы саябақтардың бірінде табылды qamshy.kz  life.ru-ға сілтеме жасап.  Қаза тапқан Эмили Грант есімді қыз өз үйінен шығып кеткен, содан кейін із-түссіз жоғалған. Полицей қызметкерлері оның мәйітінде ешқандай зорлық-зомбылықтың белгілерін таппаған. 12 наурыз күні өзінің бөлмесіне кіріп кеткен қызды одан кейін ешкім көрмепті.  Ешқандай  айғақ таба алмаған полицей қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргізуде.

    Қаза тапқан қыздың сыныптастары оның Facebook-тағы парақшасына көңіл айтып, өз ізгі ниеттерін білдірген. 

    «Мен ешқашан періште келбетіңді ұмытпаймын. Сені әрдайым сүйгем, өмір бойы сүйіп өтем»-деп өз сезімін білдіріп Тони Пек есімді азамат жазыпты. Сонымен бірге марқұм қыздың достары оның мәйіті табылған саябаққа барып, оны еске алу кешін өткізбекші. 

    Қатысты Мақалалар