Филиппиндік сұлулық ханшайымы өзіне гүл сыйлап келген қонақтарының құрбанына айналды

/uploads/thumbnail/20170710012003766_small.png

Филиппин сұлуын өз үйінде атып кеткен. Таңертең үйіне келген белгісіз екі ер адамға 23 жасар Мария Кристина Балагтасе үйінің есігін өзі ашқан. Содан соң көршілері мылтық даусын естіген.Бұл туралы «Қамшы» ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Полиция қызметкерлері  бұл қылмысты жасаған қыздың экс жігіті болуы мүмкін деп отыр.

5 сәуір күні таңертең Мария Балагтасе 2 адамға есік ашқан, сол сәтте-ақ басына оқ тиген ол жедел жәрдем қызметкерлері келген кезде тірі болған. Алайда жедел жәрдем көлігінің ішінде ауруханаға жетпей көз жұмған.

 Куәгерлердің айтуы бойынша қылмыскерлер қызға гүл мен тәттілер әкелген.

Филиппин сұлуы  2009  2010 жылдары La Bulakenya сұлулық конкурсына қатысып жеңіске жеткен екен. Модельдік бизнесте бағы жанып келе жатқан қыз Кармели Реджина университетінде оқыған. Қыздың өлімін естіген достары оған арнап  #JusticeFortTin хэштегін жазып әлеуметтік желілерде көңіл айтып, естеліктерін білдіруде.

Сонымен бірге полиция қызметкерлерінің қылмыскерлерді табатынына сенім артып отыр.

Связанные Статьи