Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – қазіргі таңда көптеген инновациялық жобалардың ұйымдастырушысы. Бұл бiлiм ордасы сапалы бiлiм берумен қатар студенттерді қазіргі заманға сай бәсекеге қабiлеттi маман, бiлiмдi, сезiмтал, ұлтжанды тұлға ретiнде қалыптастыру жолында жаңа жобалар жүзеге асыруда. Соның бiрi – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтановтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Айналаңды нұрландыр!» жобасы.
ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов жобасындағы «Нұрландыру» бiздiң күнделiктi өмiрдегi мiнез-құлқымыздың кеңпейілділігін, iзетшiлдiгiн бiлдiредi. Бұл жобаның басты мақсаты – әрбiр жан өзінің іс-әрекеті арқылы мейiрiмдiлігін, турашылдығын және әдiлдігін көрсету. Кез келген жан осы өмiрге артымнан қандай iз қалдырамын деген ойды есте берiк ұстауы керек. Адам көре алмаушылық, қызғаныш деген жаман қасиеттерден аулақ болуы керек. Сондықтай осындай жобалар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпаққа iзгi ниеттердi қалыптастыру арқылы өркениетке қол жеткiземiз. Жастар алған білімдерімен қоса жақсы тәрбие сіңірсе, ол дегеніміз саналы тәрбиелі ұрпақты өсірдік деген сөз.
«Айналаңды нұрландыр» – iлгерi басып, үйлесiмдi өмiрге ұмтылу. Кез келген адам өзiне жүктелген мiндеттерiн жауапкершiлiкпен тиянақты атқаруы тиiс. Елiн, жерiн, ортасын терiс әрекеттерден арылтып, айналасын нұрға бөлеп, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, олардың да осы бағытта жүруiн насихаттауы тиiс.
Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері де осы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Алматы қаласындағы «Жанұя» жетім балалар үйінде 15-ші сәуірде тазалық іс-шарасын өткізді. Әрине, бұл жетімдер үйіне жасаған кішкентай көмегіміз. Кафедра оқытушылары мен студенттері бұған дейін де бірнеше рет жетімдер үйіндегі балаларға сыйлықтар таратқан, студенттер өздері дайындаған концерттік бағдарламаларын көрсеткен. Осы жолы тазалық жұмысын атқаруды жөн санадық.
Тазалық іс-шарасы Алматы қаласы бойынша тазалық жұмысын жасау күнімен сәйкес келді. Тазалық іс-шарасы аяқталған соң студенттер балалармен кездесіп, өздері дайындаған әртүрлі ойындарын көрсетті. Қызыққан балалар студенттермен бірге ойындар ойнап, қуанышқа бөленді.
Ісімізбен біз әр балаға жылу бергіміз келді, жүректеріне кішкене болсын қуаныш ұялатқымыз келді. Ал студенттерді тазалық сақтауға, кішіге камқор болуға шақырдық.
Анипина А.К.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының эдвайзері
Оставить комментарий