Химиялық қаруға қарсы ұйым сәуірдің басында Идлиб провинциясында болған шабуылда зарин мен жүйке-жүйесіне әсер ететін химиялық заттар қолданылған деген шешімге келді, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
«4 сәуірде болған әуе шабуылының салдарынан кемі 87 адам көз жұмған. Шабуыл құрбандары болған 10 адамнан сынамалар алынып, төрт зертханада зерттелген», - деді Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының жетекшісі Ахмет Үзімжі.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сынамалар қаза тапқан 3 адамнан және жарақаттанған 7 адамнан алынды. Зерттеу нәтиежесінде мамандар зарин немесе заринге ұқсас химиялық заттың қолданылғанын анықтаған. Аталымш ұйым өкілі енді зардап шеккен қалаға барып, зерттеу жұмыстарын жалғасытрмақ ойда. Сынамалар әзірге тек зардап шеккендерден алынып жатыр. Әуе шабуылынан кейін тұрғындардың тынысы тарылып, тұншыға бастаған. Кейбірінің көз қарашығы кішірейіп, балалардікі үлкейіп кеткен.
Еске сала кетйік, 4 сәуірде Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясының көтерілісшілер бақылайтын Хан-Шейхун қаласында химиялық шабуыл жасалған.
Күндізгі уақытта Хан-Шейхун қаласында бомбалау болған еді. Әуе соққысынан кейін Жер бетіндегі адамдар тұншыға бастаған.
Оппозиция белсенділері ұшақтар зымырандарын ауыр халдегі адамдар емделіп жатқан жергілікті ауруханаға құлатқан дейді. Сирия әскері өздерін химиялық шабуылға қатысы жоқ екендерін алға тартқан. Ресей әскері Сирия авияциясының террористердің химиялық қару жарақтары сақталған үлкен қоймасына соққы жасағанын айтты..
Ал сәуірдің 6-сынан 7-сіне қараған түні АҚШ Сирияның Идлиб провинциясына жасалған химиялық шабуылға жауап ретінде Сирияның әуе базасын зымыранмен атқылады.
БАҚ-тың хабарлауынша, бұл шабуыл Идлиб провинциясындағы бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық шабуылды қолданған Сирияны жазалау мақсатында орын алған. Сирияның әуе базасын 60-тан астам «Томогавк» зымырандарымен атқыланған.