«Жастар болашақты жырлайды» атты жас ақындар айтысы өтті

/uploads/thumbnail/20170710035149537_small.JPG

Қазмедиаорталығының киноконцерттік залында «Жастар болашақты жырлайды» атты жас ақындар айтысы өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі «Болашақ» Қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ақындар байқауы екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде байқау комиссиясының қарауына еліміздің 14 облысынан 30 жас, дарынды ақындардан өтініш келіп түсті. Ақтық мәреге Қазақстанның әр аумағынан ең үздік 10 ақын қатысты. Жұмыс күні болғанына қарамастан концерт залы айтыс сүйер қауымға лық толды. Айтысты  белгілі ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин жүргізді. Ақындардың суырып салма өнерін, журналистика және саясат факультетінің деканы - Қайрат Сақ бастаған білікті әділ қазылар алқасы сынады. 

«Тәуелсіз Қазақстанмен бірге қайта түлеген айтыс өнері қазіргі таңда өте жақсы жағдайда деп толық сеніммен айта аламыз. Заманауи айтыс өзінің әдеби құндылығын арттырмаса, кеміген емес. Айтыстың беделі де күн санап артуда. Осыған орай елімізде де жас әрі дарынды айтыскерлердің бар екендігі және олардың кәсіби шеберліктері көңіл қуантады. Олардың жырлары арқылы біз қоғамның өзекті мәселелеріне көңіл аударамыз»,- деп атап өтті - «Болашақ» Қауымдастығының Кеңес Төрағасының м.а., ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен.

Жас ақындар бәйгесі терең ақылдан, сүбелі ойдан тұратын мықты қарсыластардың сайысы болды. Суырып салма қасиеттері мен әділдігі, шыншылдықтары үшінде олар жиналғандардың қошеметіне бөленіп отырды.

Айтыстың ең үздігі болып Нұржан Өмірбаев (Семей) танылды. Оған 300 мың теңге табысталды. Екінші орынды Мұхаметжан Мансұров (Қызылорда) иеленіп 200 мың теңге алса, үшінші орынға Нәрия Ақбабақызы (Қостанай) лайықты саналып, 150 мың теңгенің чегіне ие болды. Екінші кезеңнің барлық қатысушыларына дипломдар табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, «Жастар болашақты жырлайды» жас ақындар бәйгесін «Болашақ» Қауымдастығы Астана қаласы әкімдігінің Жастар ісі бойынша басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша ұйымдастырды. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи