Талдықорғанда полиция саунаға қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады

/uploads/thumbnail/20170710040142185_small.jpg

Талдықорғанда полиция саунаға қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Қылмыс туралы хабарлама полицияға 24 сәуір күні түнгі сағат он екілерден кейін келіп түсті. Онда саунаға медициналық бетперде киіп таяқпен қаруланып алған үш бейтаныс туралы хабарланған. Сейфтен ақшаны тонаған қылмыскерлер саунада әкімші болып жұмыс істейтін 68 жасар әйелді ұрып соққан.

“Жедел іздестіру шаралары барысында Талдықорған ІІБ қызметкерлері облыстық ҰҚКБ жедел қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 25-32 жас аралығында үш адамды анықтап, ұстады. Ұсталғандар тергеу изоляторына отырғызылды”, — деп хабарлады полицияда. «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, Талдықорған ІІБ өндірісіне алынды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи