Әлемдегі ең қауіпті қала белгілі болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып. Жаһан елдері жайлы мәлімет жинаумен айналысатын Numbeo порталының рейтингісі бойынша, ол Венесуэла астанасы Каракас деп танылған. Үштікке сондай-ақ Гондурас пен Оңтүстік Африка Республикасының елді мекендері кірген.
Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби ең қауіпсіз шаһар деп танылды. Мұнда 100 мың тұрғынға шаққанда 83,8 құқық бұзу дерегінен келеді екен.
Қауіпсіз елді мекендер үштігінде сондай-ақ Германиядағы Мюнхен, Тайвань аралындағы Тайбэй де бар. Жалпы рейтинг құру кезінде 378 шаһардағы ахуал ескерілген.
Оставить комментарий