АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама Чикаго университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында селфиге шектен тыс түсудің зиян жақтары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.
Егер менің жоғарғы сыныптардағы суреттерім көпшілікке мәлім болса, менің Президент болуым екі талай еді деп әзілдеді АҚШ-тың экс-президенті.
АҚШ-тың экс-президентінің айтуы бойынша, бүгінгі таңда ғаламторда барлығы сақталады. Кез келген адам туралы барлық мәліметті табу еш қиындық тудырмайды. Селфиге түсіп, әлеуметтік желіде жарияланған кез-келген сурет бірнеше жыл өткен соң да дәл сол қалпында сақталып тұрады. Селфиге өте құмар жанның әдетте қиындықтары болады. Өзіне сенімсіз жандар суретке көп түсіп, соғұрлым оны әлеуметтік желіге салып отырады. Келешекте сол суреттер алдымыздан шығып жатады. Сондықтан селфиге түсу барысында жан-жақты ойлану керек.
Толығырақ: http://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/25865/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Оставить комментарий