Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тарап, жалғасып келе жатқан қазақ халқының рухани байлығы жайлы өте орынды айтылған. Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасында, ата-анамыздың, тәлімгерлеріміздің бізге берген өнеге, тәрбиесінің арқасында бүгінгі күні біз спортта биік жетістіктерге жетіп отырмыз. Бойымыздағы отансүйгіштік, халқымызға, елімізге, жерімізге деген махаббат, болашаққа деген дұрыс бағдар бізді әрқашан жеңістерге жетелеп отырады. Елімізде болып жатқан саясаттағы, білімдегі, өнердегі, тағы да басқа салалардағы өзгерістерді дұрыс түсініп, дұрыс қабылдаған біз сияқты жас ұрпақ қана бәсекеге қабілетті бола алады. Мен, Сіздің сындарлы саясатыңызды әрқашан қолдаймын!
Данияр Елеусінов, Олимпиада чемпионы
Оставить комментарий