Cуретте қайғыдан қан жұтқан Шерри Кент өзінің 22 жастағы өлім аузында жатқан баласымен қоштасып жатыр. Дәл осы сәте ол өзінің баласына онымен мақтанатынын айтып жатыр. Канадалық әйел бұл суретті өзінің баласы ұрынған қателікке басқалары ұрынбаса екен деген ниетпен әлеуметтік желіде таратқан. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Осыдан бір ай бұрын Шерриге туған баласының ауруханаға түсіп қалғаны туралы хабар келген. Оның баласы Майкл есірткіні мөлшерден тыс қабылдап жансақтау бөліміне түсіп жасанды аппарат арқылы өмірі қамтамасыз етілді.
Шерри ұлының ешқашан есірткіге әуес болмағанын айтады. Канадада есірткі сатумен айналысатын ұйымдардың көп екенін айтып, апта сайын осы дерттен алты-жеті адам көз жұматынын жеткізген. Әйелдің сөзіне қарағанда, ұлына есірткі берген адам оны дәретханада өлуге тастап кеткен. 20 минут бойы ол Майклдың қасына баруға қорқып жақындамаған. Тек Майкл талып қалған дүкеннің иелері келіп жедел жәрдем шақыртқан. Ол кезде Майклдың жүрегі тоқтап қалған.
Майкл қаза табуына себепші болған есірткі- фенталин. Фенталин – Канадада таралған есірткілердің ішіндегі ең көп қолданыстағысы және қауіптісі.