Қарттар үйіне белгісіз ер адам оқ жаудырып 3 адамды өлтірді

/uploads/thumbnail/20170710063125839_small.jpg

АҚШ-тың Огайо штатында Киркерсвилл аталатын аумағында белгісіз  біреу қарттар үйіне оқ жаудырған.  Екі қызметкер мен жергілікті полиция басқармасының бастығы өлтірілген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Associated Press-ке сілтеме беріп. Жергілікті полиция пунктіне қарулы адам туралы хабар түскен. Радио арқылы таралған бұл ақпаратты хабарлаған полиция қызметкерімен байланыс кенеттен үзілген. Арада біраз уақыт өткен соң ол  өлі күйінде табылған. Қылмыскер екі қызметкерді өлтіріп нәтижесінде өзін де атып өлтірген.

Қаза тапқан полиция басқармасының бастығы бұл қызметіне келгеніне небәрі 3 апта болған екен. Оның 6 баласы мен жүкті әйелі болған.  Бұл Огайо штатында жақын арада болған бірінші атыс емес. 16 сәуір күні түнгі клубтардың бірінде де белгісіз адамдар оқ жаудырып нәтижесінде 5 әйел мен 4 еркек зардап шеккен.

Шолушы: Назерке МҰСА

Оставить комментарий

Связанные Статьи