УДЗ-да адам шошырлық бейнеде көрінген сәби дүниеге келгенде дәрігерлер таңданыстарын жасыра алмады

    Aigerim Taubay
    УДЗ-да адам шошырлық бейнеде көрінген сәби дүниеге келгенде дәрігерлер таңданыстарын жасыра алмады

    28 жастағы британиялық Наташа Гент жүктіліктің жиырмасыншы аптасында ултьрадыбысты тексеруден өткен.   Болашақ ана тексеру барысында ерекше сұлбаны байқайды. Дәрігерлердің көмегімен ерекшеліктің не екені анықталды. Анасының ай-күні жеткенде сәби "шашпен" дүниеге келген, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

     Босанғаннан соң сәбиді көрген анасы таң-тамаша күйге бөленген.

    Сәбидің шашпен дүниеге келуінің өзі бір тылсым күш екені анық. Төменде  қалың әрі ұзын шашты 4 айлық сәбидің суреті.

     Бұл жағдай жас сәбилердің арасында сирек кездеседі.

    Бүгінде ерекше болып дүниеге келген Холли ата-анасымен бірге бақытты отбасыда өмір сүруде. 

    Дайындаған: Айгерім Таубай

    Қатысты Мақалалар