Геннадий Головкин салмақ өлшеу рәсімін сәтті өткізді

/uploads/thumbnail/20170911092449770_small.jpg

Орта салмақ бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен болатын жекпе-жек алдындағы міндетті салмақ өлшеу рәсімін сәтті түрде өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік бокс чемпионатының ережелеріне сәйкес, салмақ өлшеу рәсімі жекпе-жекке бір ай және бір апты қалғанда өткізілуі тиіс. Максималды шкаласы 168 фунт (76,2 келі) болуы тиіс, ал қазақстандық боксшының салмағы 164 фунтты (74,6 кел) көрсетті.

Бір ай бұрын өткізілген салмақ өлшеу рәсімінде де Геннадий Головкин 170 фунт (77,1 келі) болған.

Айта кетер болсақ, мексикалық боксшы Сауль Альварес міндетті салмақ өлшеуден босатылған. Ол ұйымдастырушылармен арадағы келеңсіздіктен салдарынан бұл титулға үміткер болудан бас тартыпты.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. 20 мың халық сыятын T-Mobile аренасында өткізілетін жекпе-жекті көпшілік тағатсыздана күтуде.

Связанные Статьи