Мұсылман әйел: Олар менің көзімше сәбиімді тірідей отқа тастады

/uploads/thumbnail/20171018145448990_small.png

Бангладеште орналасқан ең ірі лагерь Кутупалондағы Раджума атты рохинджалық босқын өз өміріндегі ең сұмдық жайтты жылап, баяндап берді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі islamnews.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Раджуманың айтуы бойынша, осыдан біраз уақыт бұрын Ракхайн штатындағы өзі туып өскен Тула Тули ауылында бірнеше әскер келген.

«Менің қолымда кішкентай сәбиім болған. Мені әлгі сарбаздар ұрған кезде, сәбиімді жерге құлатып алдым. Бірнеше минуттан кейін есімді жисам, олар менің баламды да ұрып-соғып жатқанын естідім», — деді Раджума Al-Jazeera телеканалының тілшісімен сұхбат барысында.

Кішкентай 6 айлық сәбидің есімі Садик. Рохинджа мұсылмандары мекендеген ауылға шабуылдаған әскерлер Садикті анасының көзінше отқа тастай салған. Кейін бірнеше сарбаз Раджуманы зорлады.

«Сол сәт менің әлі күнге дейін көз алдымда», — деді әйел көз жасын тыя алмай. Осы оқиғадан кейін Раджума бір уақытта анасы, әпкесі және інісінен  айырылған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи