Сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында Қазақстан қор биржасындағы теңгенің АҚШ долларының орташа бағамы 335,44 теңгені құрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kapital.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Дүйсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 0,51 теңгеге төмендеген.
Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 335,25 теңге деңгейінде болса, ең жоғары бағам 336 теңгені көрсеткен.
Сауда көлемі 42 млн 900 мың доллар болды. 23 қазанда доллардың бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 335,95 теңге, күндізгі сессияда 336,12 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 336,05 теңге болған болатын.