Тегеранда дресс-кодты бұзған әйелдер бірден қамауға алынбайтын болды

/uploads/thumbnail/20171229133035774_small.jpg

Тегеран полициясы бұдан былай ислам үлгісімен киінбеген әйелдерді қамауға алмайды, оның орнына түсіндіру орталығына жібереді, деп Азаттыққа сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Tehran Times газеті 28 желтоқсанда полиция генералы Хоссейн Рахимидің сөзіне сілтеме беріп, ислам дресс-кодын кимеген әйелдер жауапқа тартылмайтынын хабарлады.

Иранның Tasnim ақпарат агенттігі әйелдер жауапқа тартылудың орнына арнайы лекцияға жіберілетінін жазады. Ережені екінші қайтара бұзған әйелдердің ғана жауапқа тартылатыны айтылған.

Рахимидің мәлімдеуінше, Тегеранда дресс-кодқа байланысты 100-ден астам кеңес беру орталығы жұмыс істейді. 1979 жылғы революциядан кейін Иранда киім кию үлгісінде консервативті ереже орнатылған. Бұл ережеге сәйкес, Иранда әйелдер шашын жауып, ұзын, бос көйлек киіп жүруі керек.

Связанные Статьи