Адам өлтіріп, денесін бөлшектеген петропавлдық 10 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20180124130144022_small.jpg

Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында танысын өлтіріп, денесін бөлшектеген Петропавл тұрғынына үкім шығарылды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап жазады. 

Іс материалдары бойынша, былтыр шілдеде петропавлдық М.Макентаев өзінің пәтерінде танысымен бірге ішімдік ішеді. Олардың арасында жанжал шығады. Макентаев пышақпен қонақтың басы мен мойнынан жарақаттайды.

«Қылмысын жасыру мақсатында М.Макентаев 28-29 шілде аралығында қол арамен мәйітті бөлшектеп, оларды полимерлік пакеттерге салады. 2017 жылдың 30 шілдесінде оны пәтерден алып шығып, орманға апарып тастайды», - делінген іс материалдарында. М. Макентаев 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режімдегі түрмеде жазасын өтейді. Зардап шегуші тарапқа моральдық шығыны ретінде 2 млн теңге өндірілді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи