25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180103144428369_small.jpg

Суық антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстаннан кетпей, республиканың көптеген облысына орныққан қатты аяз әлі сақталады. Өткен тәуліктерде орталық,  оңтүстік-шығыс және оңтүстік облыстардың кей жерлерінде ауа температурасы климаттық нормадан 3-8°С төмен, ал солтүстік пен шығыста 10-18°С, қиыр шығыста нормадан 20-23°C төмен болды.

Сол уақытта республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыс тропосфералық ағынның әсерінен, Иран мен Қара теңіз аудандарынан жылы ауа келіп, бұл осы жерлерде ауа температурасының нормадан 3-5°С жоғары көтеруде. 25-27 қаңтарда  батыс пен оңтүстіктің кей жерлерінде екпіні  23-28 м/с төменгі боран болып, жел соғып,  200-500 метрге дейін көруді нашарлатады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп. 

Қазақстанның үш облысында, болжанатын қатты желге орай, дауылды ескерту жарияланды. Қызылорда облысында 24 күндіз, 25-27 қаңтарда тәулік бойы шығыс, солтүстік-шығыс желі кей жерлерде  18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және артық болып сақталады.

Ақтөбе облысында 24 күні күндіз,  25 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 25-27 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи