Алаштанушы ғалым "Ақ жолға" келді

    Nazerke Labihan
    Алаштанушы ғалым "Ақ жолға" келді

    Белгілі ғалым, алаштанушы Амантай Шәріп бүгіннен бастап «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының Кеңесшісі болып тағайындалды.

    Ол енді бұдан былай партияның Алаш идеясы және Алаш арыстарын насихаттау бағытындағы жұмыстарына басшылық ететін болады.

    Белгілі алаштанушы ғалымның мұндай жауапты қызметке тағайындалуы партияның негізгі бағыттарының бірін жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.

    Амантай Жарылқасынұлы Шәріп елімізге танымал мерзімді басылымдарда бас редактор, жоғары оқу орындарында проректор, ұлттық телеарнада басқарма төрағасының орынбасары және «Алаш» институтының директоры қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Филология ғылымдарының докторы, профессор.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025