Алматыдағы жастар жиі бас қосатын орын жабылып қалды

/uploads/thumbnail/20170708190124466_small.jpg

Жаз бастала салысымен Алматы қаласындағы «Астана» алаңын  қала жастары жарыс өткізетін орынға айналдырады. Мұнда түрлі ойындар ұйымдастырылып, көліктер жарысады. Жарыс пен сауықтың нәтижесінде Төле би мен Абылай хан көшелері орналасқан  аумақ түннің ортасында азан-қазан шудың ордасына айналады. Осыған байланысты  «ескі алаң» маңында тұратын қарттар мен жас балалы аналар құқық қорғау мекемесіне шағым түсірген болатын. Түскен шағымды ескере отырып, аталмыш алаңға түнгі сағат 22-ден бастап, таңғы 6-ға дейін көлік қоюға болмайтындығы туралы белгі орналастырылған. Алайда сауықшыл жастар орнатылған белгіге қарамастан, музыканы қатты қойып, думандарын жалғастыра беруді жөн санаған. Бұл туралы Алматы қаласының ІІБ Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Қамшы» порталы хабарлайды. Кеше қала тұрғындарының тыныштығын сақтау барысында арнайы рейд жүргізілді. Белгі қойылған жерге көлігіне тұрақ жасағаны үшін алғашқы бір сағаттың ішінде-ақ төрт жүргізушіге әкімшілік құжат толтырылған.

Связанные Статьи