«Қамшы»- еркін ақпарат алаңы. Хат қоржынымызға келіп түскен әрбір жазбаға мұқият қарап, оны оқырманмен бөлісуге дайынбыз. Пікірлер еркін болған жағдайда ғана - даму қарқынды жүре бастайды.
Жақында қолыма «akikat.kazgazeta.kz» тілшісі Айнұр Төлеудің «Мен көрмеген Еуропа» атты мақаласы түсті. Мақалада Еуропа елдерінің тыныс-тіршілігінің мақтағалғаны соншалық, оқыған жан «аузын ашып, көзін жұмары хақ». Анығында сондай ма? Біздің олардан еш артықшылығымыз болмағаны ма? Сонау есте жоқ ескі замандардан бері бүкіл әлем елдері арасында мәдениет сайысы үзіліссіз жалғасып келеді. Алайда, бұл сайыстың ең негізгісі тек қана екі елдің, яғни дәлірек айтқанда екі ұлттың: қазақ пен еврейдің арасында жүріп жатыр. Себебі, Қазақтар (сөз түбірі Аз (Әз, Әз әулие), Азиялықтар) өздерін Аталық тектен таратады. Ал, Еврейлер, Европалықтардың басым көпшілігі, Америкалықтар өздерін Әйелден таратады. Олардың атауларының сөз түбірінде Ев, Ева (Еврей, жерін Европа, Америка (сөз түбірі «Ам» әйел дегенді білдіреді), Славян (сөз түбірі Ав (Аб, Ап (бізше Жабал, баба, апа)), дінін Евангелие, Евгеника (адамдарды асылдандыруға арналған европалықтардың жаңа ілімі), Англия, Франция (сөз түбірлері ан, ана) т.т. болатыны осыдан. Өздеріңіз көріп отырғандай, Англия мен Францияның да тегі осы. Бұл ел атауларының тегінде де (сөз түбірінде) Ан (ана, яғни Манның түбірі) тұр. Олар өздерінің Адам Атадан тарағанына білімдері жетпей, өз тектерін маймылдан таратты (Дарвин). Әңгіменің ашығын айтқанда, қалған елдердің ролі түкке де тұрмайды. Олардың қолдарынан бар келетіні тек қана осы екеуінің арасынан таңдау жасау. Адам атаның Ата- салтымен жүресің бе, әлде ата-аналарыңды маймылдан некесіз туғызып, «пирамиданың» басына арды емес, ақшаны қоясың ба? Қазақ атам мұны былайша тұжырымдаған: «Малым- жанымның садағасы, жаным -арымның садағасы!»
Бізді қатты қынжылтатыны: Қазақстанның орыс тілді билігінің пирамиданың басына (ұшына) арды емес, ақшаны қойғаны; Олардың мемлекет құраушы ұлтпен аудармашы арқылы сөйлесетіндігі; Мектеп оқулықтарымызда күні бүгінге дейін, Дарвиннің Адамзат маймылдан жаралды деген жалған тұжырымының алынып тасталмағаны; Олардың Қазақтың ұлттық идеологиясын: салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ділі мен дінін дамыту жолында ештеңе жасай алмауы (керісінше тежегіш (тормоз) ролін атқарып отыр); Кезінде Сталин мен Голошекиннің қазақ халқына қасақана жасаған геноцитінің кесірінен (төрт миллионнан астам қазақты қырғынға ұшыратқан) амалсыз шетелге кеткен қандастарымыздың елге оралуына кедергі болуы; Қазақтың қанында жоқ, жабайылыққа барып, шетелге бала сатуы; Елімізде гейлер мен лесбилердің көбеюіне жол берілуі; нудистер форумының өткізілуі; жалпы мұндай мысалдарды әлі де көптеп келтіруге болады. Осындай соқыр саясаттың кесірінен Қазақстанның орыс тілді үкіметінің мемлекет құраушы елмен аралары күн сайын алшақтап барады. Мұның арты жақсылыққа апармайтыны айдан анық. Бұл Адамзат баласын «ақырзаманға», яғни Аталар заманының ақырына апаратын тіке жол. Қазақтың «Атам заман» және «Ақыр заман» дейтін екі сөзінің толық мағынасы осы. Демек, бұл қазіргі таңда Қазақстан үкіметіне Ева ұрпақтарының ықпалы басым болып тұр деген сөз. Евродақ құрып, онда Ев (Еваның) бірінші аталуының да сыры осы. Мұны қазақи салтқа салсақ, бұл қазақтың «күшік күйеуіне» толықтай сәйкес келеді.
Қысқасы, Қазақтар (Азиялықтар) не істесе, олар (Евангелистер, яғни еврейлер, европалықтар, америкалықтар, орыстар) оны керісінше жасайды. Мысалы, жоғарыда айтқанымдай:
- Қазақтар «пирамиданың» ұшына арды қойса, олар ақшаны қояды (барлық құндылықтар тек қана ақшамен (валютамен) есептеледі, оларда бәрі сатылады). Біздер де соңғы уақытта осы жолға ден қойдық;
- Қазақтар адамзаттың тегін Ұлы Жаратушы – Алланың бірінші жаратқан саналы тіршілік иесі Адам Ата мен Ауа Анадан таратса, олар Дарвин ілімін басшылыққа алып маймылдан таратады;
- Қазақтар алғашқы адамдарды Адам Ата – Ауа ана деп құрметтесе, олар да ондай құрмет көрсетілмейді, жай ғана Адам и Ева делінеді (олар тура бір құрдастары, көңілдестері, немесе баласы сияқты);
- Қазақ та барлық қарияларға, жастар өздерінен жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, өз орнын берсе, немесе төрден орын ұсынса, олар оны керісінше жасайды (мысалы, Лондонның, Париждің т.б. қалалардың қоғамдық көліктерін де, метроларын да қарияларға орын ұсынсаңыз, рахметтің орнына сөгіс естисіз);
- Қазақтар уәдеге берік болып, бір ауыз сөзге тоқтаса, олар тоқтамайды, үнемі екі сөйлейді, екіжүзділік олардың қанына әбден сіңген (мысалы, ядролық қаруды жоюға байланысты Украинаға берген уәделерін орындамағаны сияқты);
- Қазақтар дініне берік болса, олар жағдайға байланысты өз діндерін кез-келген уақытта өзгертіп өзге дінге өтіп отырған.
- Қазақта лақап (мадақ) атты адамның ел алдындағы абыройлы ісіне халық берсе, олар өтірік атты (кличка) өздері таңдайды.
- Қазақтар аты, жөні, тегі, руы атауларын таза сақтаса, олар аты-жөндерін жағдайға байланысты өзгертіп отырады. Мысалы, Карл Маркс-Мордехай Леви, Ленин-Улянов, Сталин-Джугашвили, Троцкий-Бронштейн, Жириновский-Эйдельштейн т.т. болып жалғасып кете береді);
- Қазақтар аруақ сыйласа, олар сыйламайды. Ескі мола көрсе болды, қазамын деп бел ала жүгіреді (Қазақтың моласынан 10 метр ақ матадан басқа ештеңе де табылмайтынына ақылдары жетер емес);
- Қазақтар қайтқан туыстарын «ақ жуып, арулап жерлесе» оларда ондай құрмет көрсетілмейді. Мысалы, Лениннің мүрдесіне бір бел топырақ бұйырмай шөлмек астында әлі жатыр, адамның бастары мүзейлеріне қойылған (Кенесары атамыздың басы);
- Қазақтар адамзатты ізгілікке баулыса, олар демократия және гендерлік саясат арқылы адамзатқа азғындықты (жалаңаштану, гей мен лесби, бір жыныстық және азаматтық неке т.т.) уағыздайды, қысқасы адамдардың санасын маймылдың (айуанның) дәрежесіне жеткізгілері келеді;
- Қазақтар ядролық, яғни адамзатты жаппай қырып жоятын қаруды жоюға шақырса, олар оны да керісінше жасайды;
- Қазақ та гүлді жұлма, яғни бір гүлді жұлсаң, он гүл шықпай қалады десе, олар оны жұлып жинап, аяқ астына шашады (Мысалы, үйлену тойларында);
- Қазақ та бақилық болған Ата-Ана, туған-туысқандарының қабірінің бастына барып шырақ жақса, олар да оны үріп сөндіреді (Мысалы, туған күндерінде);
- Қазақ та малдың басын құрметті қонақтарына ұсынса, олар оны итке тастайды;
- Қазақтар үйден періште (иман) қашады деп итті үйге кіргізбесе, олар иттермен бірге бір дастарханнан ас ішіп, аузын «жалап» отырады;
- Қазақтар ата-аналарын өлгенше бақса, олар қарттар үйіне тапсырады (Шынында да, бала жасыңнан сенің түп атаң маймыл деп оқытса, оларды төріңе қалай отырғызып қоярсың);
- Қазақта балабақша жетіспесе, оларда қарттар үйі жетіспейді;
- Қазақтар ата-тегін Адам атаға дейін тарата алса, олар жеті атасын білуге де талпынбайды (Оларда «Тегін білмеген- тексіз, жеті атасын білмеген -жетесіз» деген мақал түгілі, ондай ұғым атымен жоқ);
- Тіпті ең жақын көршіміз өзбектерде де солай. Олардың басым көпшілігінде ру (ата тек) деген атымен жоқ. Олар өздерін самарқандтық, хивалық, ферғаналық, ташкенттікпіз т.т. деп өздері тұрған жерлерінің атымен атайды.
- Қазақтар Адамзат үшін ең озық дін Исламды ұстанса, олар ескі дінде қалып қойды (Атам Қазақтың өз қарсыластарының бәрін жалпылыма «қалмақ», яғни «жұртта қалған ел» деп атайтындарының сыры осы);
- Қазақтар шошқаның еті мен арақты арамға санаса, олар оны өздерінің ұлттық тағамы деп есептейді;
- Қазақтар бүкіл тіршілік иесіне қиянат жасамауды уағыздаса, олар жер бетінде тек қана күштілер қалуға хұқылы дейді (Мальтус, Дарвин, Евгеника);
- Қазақтар амандасқанда қос қолын ұсынып (менің қолымда ештеңе жоқ, мен сізге бейбітшілік тілеймін) деп амандасса, олар бір қолын беріп, екінші қолын қалтасына салып (қалтасында не тұрғанын өзі біледі) тұрып амандасады;
- Қазақтан білмеген нәрсесін сұрасаң, «Бір Құдай біледі» деп жауап берсе, орыстар «Черт знает» (шайтан біледі) деп жауап береді, яғни Аллаға емес, шайтанға сенеді.
- Орыс халқының мақтанышы- Пушкин сұлу әйелге таласып жан тапсырса, Қазақ халқының мақтанышы Абай атамыз ұлтының болашағы үшін қам жегені белгілі. Пушкинді пір тұтып өскен орыс жанды қазақ баласынан ұлтына қайыр болуы қиын. Тіпті тақуалыққа ұмтылушы мұсылман болса да, өйткені ондайлар қазақ емес, араб болуға ұмтылатынын көріп жүрміз.
- Қазақ әйелдері ұятты жерлерін жауып жүру үшін киетін киімге шек қойса, олар ұятты жерлерін айқын көрінетіндей «жеңіл» киінгенді ұнатады, тіпті кей елдерінде тыр жалаңаш жүргенді қолай көреді (Олардың «Нудистер қоғамы» деген арнайы ұйымдары да бар. Мысалы, былтырғы жылы Ресейдің «Нудистер қоғамының» Омск филиалы Көкшетауда форум өткізген. Батыстың көптеген елдерінде арнайы «Нудистер» пляжы бар.);
- Қазақтың келіндері күйеулерінің туыстарынан жасы үлкендеріне иіліп сәлем етіп, жасы кішілеріне еркелетіп ат қойса, оларда ондай құрметтің ұшқыны да жоқ;
- Қазақ та жеті атаға дейінгі тумаластар үйленбесе, олардың бірінші махаббаты кузинадан (бел немереден) басталады. Жақында бір америкалықтың өз қызына үйленгені БАҚ-тарда жарияланды. Тумаластарына (өз қарындастарына) үйлену жақын көршілеріміз өзбек пен түрікпендерде де бар. Бұған тыйым салу жөнінде Өзбек президенті И.Каримовтың жарлығы бар.
- Қазақ та жақын туыстардың арасы жасына байланысты аға, іні, апа, сіңлі деп айшықталса, олар да ондай туыстық ұғым да, атау да жоқ, бәрі бірдей братья, сестры делінеді.
- Қазақтар өз тарихын бір ауыз сөзбен жазса, оларда оны түсінетіндей сана да (ақыл мен білім) жоқ.
- Қазақтар шариғат, тарихат арқылы ақиқатқа көз жеткізсе, олардың мұны түсінуге де шамалары жетпеуде, яғни олардың білімдерінің белі бесіктен әлі шыққан жоқ;
Жарайды, осымен тоқтатайын. Жалпы мұндай мысалдарды ондап, жүздеп келтіруге болады. Қысқасы олардың барлық «тірлігі» осылайша қазақ мәдениетіне қарама-қарсы бағыт ұстанады.
Ал біз болса, осыны көре тұра Қосай Нұқ заманындағы Құдайке «көшінің» топан суға қарық болғаны сияқты, Келімберді (Ман ата) «көшінде» сондай апатқа қарай «сүйреп» барамыз.
Қазақ та «Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар» деген мақал бар. Бұл мақалды әлем елдерінің барлығы дерлік біледі, бірақ бұл мақалдың толық мағынасы Қазақтың ана тілінен өзге тілмен ашылмайды. Бұл қазіргі ұлтсыз елдер өздерінің Ата тегін маймылдан және өзге планетадан іздеп, ол жақтан ештеңе таба алмай, қайта айналып Әз атасын, яғни Қазақты қайта табады деген сөз. Маймылдың ешқашанда адам бола алмайтыны айдан анық, себебі Ұлы Жаратушы оған сана бермеген. Сана тек Ұлы Жаратушының өзінде және оның жердегі «көлеңкесі» адамда ғана бар. Бұны тек ақылы мен білімі әлі жетіспеген «ересек балаларға» арналған «мультфильм» десек, дұрысы сол болар. Әділін айтқан да, «маймылды» атам деп айту түгілі, оны ойлаудың өзі ақымақтың ісі болмақ. Кімде кім: бәлкім біреулері қызғаныштан, біреулері күншілдіктен, біреулерінің ақылы мен білімінің таяздығынан «Мың жерден басын, тасқа ұрса да» жер бетінде Қазақтан асқан дана ел жоқ. Себебі, бүткіл жер бетінде қазақ (қаз аға) елі дүниеге келгенде, қазақтан басқа бірде-бір мемлекет болмаған. Қалғандарының бәрі қазақтан кейін, бірінің артынан бірі тіркесіп дүниеге келген. Біз бұны қазақтың «Қаз қатар» деген бір ауыз сөзінен де айқын көре аламыз. Өздеріңіз көріп отырғандай қатардың басында Қазақ (Қаз аға) тұр, әйтпесе Ебрей қатар деп аталған болар еді. Қаз қатардың тағы бір мағынасы бар, ол Ол Қатар - Ақиқаттың атасы (Қар мен ақ синоним), Қаз қатар – Қаз ақиқаттың атасы деген сөз. Бас таңбасы «тіл», өзгелер Тау би, Бас би, Қас би (Каспий) деп атаған Қазақ қағанатының сөздік қорында дәл осындай «құпия» мағынасы бар сөздер баршылық. Олар: Садақ (С-ада-қ) – Сақтардың атасы, Санақ – Сақтардың анасы, Сабақ - Сақтардың апасы, Сенек – Сақтардың енесі, Сағақ – Сақтардың ағасы, Қағаз – Қазақтың ағасы, Қаған – Хандардың ағасы т.т. болып жалғасып кете береді. Тарих жазсаң, осылай жаз. Сөз жасасаң, осылай жаса. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?
Жазба тарих бүгін бар, ертең жоқ. Бір топан су өтсе, артында ештеңе де қалмайды. Қағазың да, компьютерің де, тіпті бәрі-бәрі түгелдей істен шығады. Ал, бүкіл әлем тарихы ең алғашқы Алланың Адамды жаратқан кезінде өзімен уәхи етілген бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы, яғни қазақтың ана тілінде «бір ауыз сөзбен» жазылған. Қазақтың «бір ауыз сөзін» түсініп, оның мәні мен мағынасын ұғынатын дәрежеге көтерілу, әр бір қазақ баласының абыройлы борышы. Сондықтан, бұл тарих пен бұл тіл Адам баласы аман тұрса өлмейді. Елбасымыздың қазақты «Мәңгілік ел» деп атауының сыры осы.
Тарих тағлымы: Мәңгілік елді мәңгілік етудің жолы: Ұлы Жаратушы – Аллаға иман келтіру, білім мен ғылым және бір-бірімізге жақсылық жасаудан жарысу. ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАРЫСАЙЫҚ!
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау