Қауын мен қарбыз құрамынан адамды өлтіруге дейін алып баратын у анықталды

/uploads/thumbnail/20170708190446860_small.jpg

Жақында Алматы қаласындағы  базарлардағы жеміс-жидек өнімдері  арнайы құралдармен тексерілді. Зерттеу нәтижесі қауын - қарбыздың барлығында нитрат мөлшері жоғары деңгейде екенін көрсетті, деп хабарлады «Қамшы» порталы inform.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мамандары базарлардағы көкөністерді 3 күн аралығында сараптан өткізген. Осы уақыт аралығында 13 базар мен 6 жәрмеңке тексеріліпті. 640 көкөніс және жеміс-жидектен сынама алынған. Осындай жолмен мамандар алматылықтарды сапасыз өнімдерден қорғамақ.

Әнел МҰСАЕВА, Алматы қ. тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бөлімінің бас маманы: 

-Сырттан ерте жеткізілетін өнімдер арнайы химиялық тыңайтқыштардың күшімен піскен. Сондықтан олар адам ағзасына айтарлықтай  қауіпті болып саналады. 
«Тұтынушыларға сатып алып жатқанда, хабарланып отырады. Сол кезде біздің тұтынушылар өздеріне ұнамаған, не болмаса, жарамсыздығын тексергісі келсе, өнімін алып келіп, тексертіп, нәтижесін алу мүмкіндігі бар екендігін айтамыз», - деді.
Әсем КЕЗЕМБАЕВА, Алматы қаласы Алмалы ауданы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы:

«Тағам улануынан алдын-алу- нитрат мөлшерінің деңгейін анықтау. Яғни, оның мөлшері жоғарылайтын болса, онда тағам улануы байқалады. Жалпы аудан бойынша ондай деректер тіркелген жоқ», - деді.

Мамандар жедел тексеру шарасын тұрғындардың өтініші бойынша тамызға дейін жалғастырмақ. Мұндай сараптамалық жұмыс базарлар аумағында жүргізіледі. Кейіннен, қауіпті өнім анықталған сауда орны жетекшілігіне бұл жайында хабарланып, шара қолданылады. Ал кәсіпкерлер болса, өз кезегінде осындай шаруалармен келісімін бұзатын көрінеді.

Нұрзат Тоғжан

Оставить комментарий

Связанные Статьи