Қазақстан Тәуелсіздігін алған жылдардан бері тұңғыш қазақ азаматы ғарышқа ұшады деген ақпарат тарағалы бөркімізді аспанға атып қуанбағанымыз жоқ шығар. Иә, Тұңғыш болып Тоқтар Әубәкіров, артынан Талғат ұшқанымен, бірі КСРО, енді бірі РФ атынан ұшқандығы белгілі. Енді міне, Тәуелсіз Қазақстанның атынан ғарыш кеңістігіне тағы бір батыр аттанбақшы. Ол ғарышкер- Айдын Айымбетов.
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшу сапары 20 миллион долларды құрайды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Азаттық сайтына сілтеме жасай оытырп хабарлайды.
Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарына Қазақстан аэроғарыштық комитет төрағасының орынбасары Ерғазы Нұрғалиев мәлімдеді.
Нұрғалиевтің айтуынша, "Роскосмосқа" әзірге қаржы аударылмаған. Комитет өкілі қаржының қай уақытта төленетінін айтқан жоқ.
19 шілдеде Айдын Айымбетовтың ғарыштық сапарға жай ғана "қатысушы" емес, №2 бортинженер қызметін атқаратыны белгілі болған.
Қазақстандық ғарышқа ұшудан үмітті екі қазақстандық - Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов 2007 жылы Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында дайындығын аяқтаған. Екеуінің бірі 2009 жылы күзде халықаралық экипаж құрамында ғарышқа ұшуға тиіс еді. Бірақ Қазақстан жағы қаржы тапшылығына сүйеп ғарышкер ұшыруды кейінге қалдырды.
Нұрзат Тоғжан
Оставить комментарий