Бір қазақтың тісі қақсаса, бар қазақтың басы ауыруы тиіс

/uploads/thumbnail/20170708190526883_small.jpg

Қазақ жерін бір қауіпті елес кезіп жүр. Бұл - ұлтаралық, дәлірек айтқанда, қазақ пен орыс арасындағы түсініспеушілік қауіп...

Орыс озбырлығынан арыла алар емес. Патшалық және советтік биліктің тұсында «аға» атанып, айтқанын алып үйренген орыс, сөз жоқ, қазақтың еркіндігіне қуану былай тұрсын, көтере де алмай әлек...

Мысалдар мың-сан, соның біреуі мынадай: Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданының (бұл ауданның атын өзгертуге тиіс қазақ атқамінерлері адал нан жеп отырған жоқ. Қ.Ғ.) Д. есімді ұлты орыс 36 жасар тұрғыны вахталық тәсілмен Мәскеуде жұмыс істейді екен.

Түсінікті ғой: мәскеуліктер өзге ұлт өкілдерін өлердей жек көруге дағдыланған. Ақ саусақ, арам тамақ, тақыр бас, қызыл шаш мәскеуліктерге еліктеген әлгі Д. бір күні украинаның Луганск және Донецк облыстарында жатжұртқа барып ойран салып жүрген орыстарына көмектеспекші болады. Автобусқа мініп, сатылап жүріп қандастырана жетіп, Луганск әуежайы үшін кескілескен атыс­та жарақат алады. Бұдан кейін ресейлік орыстар қазақ жерінен келген қандастарын - менсінбеді ме, сенбеді ме, қорлады ма, – ол жағы белгісіз, әйтеуір Д. қайтадан Қазақстанға жеткен...

Д. жақында сотталды, заң бой­ынша 7 жыл қатаң тәртіпті бақы­лау түрмесінде қамауда отыруы керек еді, кенет, қаралаушы немесе айыптаушы пркурордың жүрегі «жылып кетіп» жат елге барып, қолына қару алған адамға шартты түрде ғана 3 жыл сұрады. Бір «ғажабы» әдетте қабағын қар басқан сот бұған келісе кетті...

Есесіне, әлемжеліде ғана «Ре­сейдің ақпарат құралдарын Қазақстанда таратуға тиым салу керек» - деп, жәй ғана өз пікірін айтып, сөз айтқан (Ескерте кетейік: Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны, ұлты орыс Д. секілді қолына қару алып, соғыспаған. Қ.Ғ.) Батыс Қазақстан облысының тумасы, ұлты қазақ, «Мұхтар Айжан» атты логині бар қандас бауырымыз «Ұлтаралық қатынастарды қоздырды» деген баппен айыпталып, 3 жыл бас бостандығынан айырылды.

Осы екі үкімнің қайсысы әділдікке жатады?..

Қазақша айтқанда: «Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылып» тұрған жоқ па?..

...Меніңше, қазақ пен орыстың арасындағы түсінбеушіліктің басы - Кремльден бастау алып, кішкен­тай кеңседе қозып жатыр. Мысалы, күні бүгін біздің атажұртына келген оралман қарындасымыз әрі қандасымыз, 4 сәби қазақтың анасы Эльвира ҚАДЫРОВАны орыс тілін білмегені үшін ұлты орыс пен армян басшылары уақытша жатақханадан қуып шығып, жұмыстан босатып жіберіпті.

«Ата-бабамның ата қонысына жат ұлттың тілін білмегенім үшін қорланамын, өзге ұлттар­дан азап көрем деп көшіп келгенім жоқ! Маған өзгелерді айдап салып, төрт адамға ұрғызды...» - деп, намыстанып, өз құқын қор­ғауға ұмтылып, небәрі жұмысы­на Келісім-шарт қана сұраған Эль­вираны мұрындарына есек­құрт кіріп, кімнің нанын жеп жүр­ген­дігін ұмытқан зорлықшыл бас­шысымақтары: «Ұжыммен сиыспады» – деп міңгірлейтін көрінеді...

Сонда әлгі басшысымақ-келім­сектер қазақтың қызын қандай «қызметтен» қуып отырғанын білесіз бе? Эльвира Қадырованың «қызметі» – еден жуушы...

Қазаққа еден жууды бермей, қазақтың жеріндегі баспахансынан (жатақхана) қуатындай бұлар кімдер?!.

Құқық қорғау орындары, әсіре­се, Ұлттық қапуіпсіздік комитеті ұлтаралық қатынастардың аса нәзік мәселе екендігін ескеріп, ерекше сақ әрі мұқият болуы керек, деп ойлаймын.

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи