Әуе кемесінде көз жұмған азаматтың жеке тұлғасы анықталды

/uploads/thumbnail/20170708190537680_small.jpg

ҚР СІМ «Алматы-Мәскеу» ұшағында қаза тапқан  қазақстандық азаматшаның жеке тұлғасын анықталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҚР СІМ «Алматы-Мәскеу» рейсі бойынша ұшақтың 20-шілде күні апатты жағдайда Самара қаласындағы  Курумоч әуежайына  қонғанын растаған.

Қазақстанның Астрахандағы елшілігі Самара қалалық құқық қорғау қызметкерлеріне байланысқа шыққан. Самаралық құқық қорғаушылар қаза тапқан қазақстандық азаматша туралы толық ақпаратты ҚР елшілігіне жеткізген. Кейін анықталғандай, қаза тапқан азаматша – Қарағанды қаласының 64 жастағы тұрғыны – Василева Юлия Петровна екен.

Азаматша Алматыдан мәскеуге бағыт алған 206-рейсте қаза болған. Қазіргі таңда оның күйеуі мен жақындары Самара қаласында.  Құқық қорғау қызметкерлерінің мәліметіне сүйенсек, қаза болған азаматшаның денесінен зорлық-зомбылық әрекеттің айғақтары кездеспеген.

«Біздің Астрахандағы елшілік қаза болған азаматшаның туыстарына барлық көмекті ұсынған. Алайда, мәйітті елге әкелу жұмыстарымен азаматшаның туыстары өздері айналысуда. Дегенмен, бізде қарап отырмаймыз. Қолымыздан келгенше көмегімізді көрсетудеміз»,-дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов.

Нұрзат Тоғжан

Оставить комментарий

Связанные Статьи