Елбасы Ердоғанға көңіл айтты

/uploads/thumbnail/20170708190538211_small.jpg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Суруч қаласындағы терактіден ондаған адамның қаза табуына байланысты сол елдің президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев көңіл айту телеграммасында терактіден отыз екі адам қаза тауып, жүзден астам адам жарақат алғаны туралы хабарды "қайғыра қабылдағанын" айтқан.​ Қазақстан президенті барлық қазақстандықтар мен өз атынан құрбандардың туыстарына және түркиялықтарға көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеген.

20 шілдеде Түркияның Сириямен шекарасына жақын Суруч қаласында мәдени орталықта жарылыс болып, 32 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған. Жарылысты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алды.

Нұрзат Тоғжан

Оставить комментарий

Связанные Статьи