Атырау облысына қарасты Жылыой аудандық АІІБ-ның екі бірдей бастығы жұмыстан тыс уақытта, саунада төбелесіп қалды. Бұл турлы «Қамшы» порталы «АқЖайыққа» сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аталмыш шулы оқиғаның шын мәнінде орын алғандығын облыстық ІІБ-ның баспасөз-қызметі жетекшісі Гүлнәзира Мұхтаровва растап отыр.
«Шулы оқиға кешкі сағат 20:00 шамасында орын алған. Атырау облысына қарасты Жылыой аудандық АІІБ-ның қос бірдей бастығы саунада төбелесіп қалған. Қазір аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қос бірдей полиция бастығына «Бұзақылық жасау» бабы бойынша айып тағылуда. Қазір тергеу жұмыстарымен Атырау облыстық ІІБ айналысуда»,-дейді Гүлнәзира Мұхтарова.
Оқиға Құлсары қаласындағы сауналардың бірінде орын алған. Аталмыш оқиғаға қатысты өзге ақапараттар жасырын сақталуда.
Нұрзат Тоғжан
Оставить комментарий