Алматы қаласында жүрген сел тасқынынан қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы «Қамшы» порталы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды..
Баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған "селдің салдарын жою барысында табиғи апаттан қаза тапқандардың мәйіті табылыпты" деген ақпардың жалған екенін жеткізіп отыр.. «Хабарламада селдің салдарынан қаза болғандар жоқ"-деп көрсетілген. Бұған дейін сел туралы жалған ақпарат таратушылардың 5 жылға сотталатыны хабарланған еді. Ол кезде әлдекімдер Алматы қаласына қатысы жоқ видеоларды таратып, елді дүрліктірген болатын.