Қазақстандағы ұсақ сауда нарығында соңғы уақытта "халал" анықтауышын қолдану сәнге айналғаны белгілі. "Халал" сын есімін бірі сән үшін, енді бірі пайда табудың көзі деп түсінетіндігі жасырын емес. Тіпті, жақында "халал сыра" деген ұғым пайда болған. Бұл өз кезегінде тұрғындардың наразылығын тудырған. Бұл туралы "Қамшы" порталы 31 арнаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Алматыны бейберекет ілінген жазуларға қарап нағыз халал қала деп атауға болады. Кафе мен дүкенді қоспағанда, халал сөзіі монша, спортзал, ойынхана, стоматология, тіпті көлік жуу мен жөндеу орталықтарына дейін қолдынылып кеткені де жасырын емес. Бұл туралы осыған дейін де қазақстандық БАҚ аз жазбаған.
Енді міне, қаладан шеткеріде орналасқан Айнабұлақ ықшамауданында «халал сыра» деген сырахана пайда болыпты.
Сырахананың ашылғанына үш жыл болған. Алайда «халал» деген жазу онда жақында ғана пайда болыпты. Тұрғындардың наразылық танытып жатқаны да сондықтан.
Халал сырахананың иесі Ханболат Сардаров деген азамат. Айтуынша, сыра емес кәуаптары халал екен. Жарнаманы дұрыс қоймағанын өзі де мойындайды.
Мәселен, 2012 жыл бір ғана Алматы қаласында халал қызметті ұсынушы 100-ге жуық мекеме болса, енді оның саны бірнеше еселене түскен.
Нұрзат Тоғжан