Мексикалық Чиуауа штатының соты әйелдерді жаппай өлтіріп келген 5 азаматқа қатысты үкім шығарған. Әйелдерді өлтірушілердің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталған бес қылмыскерге 697 жылға бас бостандығыныан айыру түрінде жаза кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Сот отырысында қылмыскерлердің 2009 және 2010 жылдар аралығында жасаған қылмыстары қаралған. Қаскүнемдер жас қыздарды арбап алдап, кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға, есірткі таратуға мәжбүрлеген. Ал әйелдер «тауарлық түрін» жоғалтқан кезде, оларды өлтіріп, мүрдесін жасырып отырған.
Осынша мерзімге сотталғаннан басқа, олар өлтірген адамдарының туыстарына келтірілген моральдық шығынның өтемақысы ретінде 550 мың доллардан астам ақша төлеуге міндеттелген. Олар аталмыш уақыт арасында Мексикадағы Чичауа штатының 2700-ге жуық әйелін азаптап келген.
Нұрзат Тоғжан