М.Әбләзовтың балдызы Литвада ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708190924536_small.jpg

Атышулы экс-банкир Мұхтар Әбләзовтың балдызы һәм серіктесі Сырым Шалабаев Литвада ұсталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осыдан 2 жыл бұрын Сырым Шалабаевқа қатысты даулы істердің бірінде Біріккен Корольдік соты оны 18 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған болатын. Онда банкирдің балдызы жазасын өтеуден қышап, жасырынып қалған еді. Ал кейін оған халықаралық іздеу жариялаған.

Бұл туралы ru.delfi.lt хабарлаған.

Сырым Шалабаев кім және не үшін оған іздеу жарияланған?

С.Шалабаев жездесі Мұхтар Әбләзовпен бірге БТА банкінің өзге тұлғаларымен бірге Қазақстан, Украина, Ресей және өзге мемлекеттердің миллардтаған қаржысын қолды еткен деген күдікке ілінген және аталмыш факті бойынша айыпты деп танылған. С.Шалабаевқа Біріккен Корольдіктен өзге Украина интерпол арналары арқылы іздеу жариялатқан. Сөйтсе, банкирдің балдызы Украинада 300 млн долларды құрайтын мүлікті иемденіп кеткен екен.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи