Мәслихат депутаты журналистті балағаттады (видео)

/uploads/thumbnail/20170708190925854_small.jpg

Батыс Қазақстан  облысы мәслихатының депутаты Амангелді Таспихов өзінің қатысуымен болған көлік апатында рөлде кім отырғанын сұраған фототілшіні  тілдегені түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты.

Бұл туралы «Қамшы» порталы «Мой Город-қа» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Еске салсақ, 26 шілде күні, шамамен күндізгі сағат 16:00 шамасында  Мәншүк Мәметова атындағы алаңда көлікті басқара алмаған жүргізуші жаяу жүргіншілерді басып кетуге шақ қалған болатын. Болған жайттың куәгерлері рөлде Амангелді Таспихов отырғанын айтқан.

Кейін фототілшіге балағат сөздермен жауап қатқан азамат облыс мәслихатының депутаты екені анықталды.

“МГ” фототілшісінің депутатқа: “Жігіттер рөлде сіз отырды деп жатыр” деген сөзіне шенді азамат: “Жоқ, мен емес, кет бұл жерден!” деп қана қоймай, тілшіні боқауыз сөзбен тілдеген.

Бүгін де депутат тілшілерге қолы бос емес екенін алға тартып, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. “МГ” фототілшісі өзіне тіл тигізген депутаттың үстінен құқық қорғаушыларға арыз түсірді.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи