ШҚО денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген отырысында бірқатар олқылықтар белгілі болды. Таяуда құзырына қарасты аумақта ана мен бала өлімі орын алғаны үшін бес бірдей ауданның бас дәрігері қызметінен кетуі мүмкін.Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Ааймақтың денсаулық сақтау саласындағы кейбір аудандардағы түйткілді мәселе көп. Мысалы Глубокое ауданында жұқпалы аурулардың таралуына байланысты жағдай күрделі. Ал Тарбағатай мен Күршім ауданындарында ана өлімі оқиғасы көбейіп кеткен. Сондай-ақ, Аягөз, Көкпекті, Шемонаиха аудандарына бала өлімінің көрсеткіші әлі де түспейі тұр. Жалпы аймақта өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда биылғы жарты жылда ана өлімі 67% артқан.
Тұрғындардың туберкулезбен ауруы көрсеткіші 18%-ға төмендегенмен, Тарбағатай, Зайсан, Көкпекті аудандарында жұқпалы дертке қатысты жағдай ушығып тұр. Құрт ауруынан өлім-жітім Өскемен, Глубокое, Жарма, Ұлан аударында жоғары. Жиын нәтижесінде қызметтері сын көтермеген 5 ауданның бас дәрігерлерінің ісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының тәртіптік кеңесінде қаралады. Сонымен қатар, көрсеткіштері мәз емес тағы 7 ауданның бас дәрігеріне қатаң сөгіс жариялануы мүмкін. Егер сын түзелмесе, оларға да шара қолданылмақ.