Ақтөбе облысында жүк пойызынан өрт шығып, салдарынан 5 бірдей жолаушы тасмалдаушы пойыздары тоқтатылған. Бұл туралы «Қамшы» порталы informburo.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қазіргі таңда облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен өрт сөндірушілер пойыздан шыққан өртті сөндіруде.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда өртті сөндіру жұмыстары жалғастырылуда. Жүк пойызынан шыққан өрттің жалпы аумағы – 350 шаршы метрге жеткен. Өртті сөндіру үшін 85 адам мен 19 бірлік техника жұмылдырылған.
«Релстен шығып қалған 20 вагонның 18-і аудрылып кеткен. Олардың 11-і толық өртеніп кетті. Сондай-ақ, 7 цистерн дизел отыны мен 4 вагон дәнді-дақылдар болған. Өрттің шығу себептері әлі толық анықталған жоқ. Алдын ала болжамдар бойынша техикалық ақауларға байланысаты болуы мүмкін»,-дейді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз-қызметінің қызметкері Сәлима Төлегенова.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақтөбе олбысында №2908 Ембі-Қандығаш бағытындағы жүк пойызынан өрт шыққан болатын.
Нұрзат Тоғжан