А. Мусин оралса, биліктің ауа-райы қалай құбылар еді?

/uploads/thumbnail/20170708190941226_small.jpg

Дәл қазіргі қалыптасқан билік фабрикасының биік дәлізінде жүргендер мен кезінде жоғарғы этталондар қатарында болып, түрлі себептермен сызылып қалғандар туралы топтаманың келесі кейіпкері – Аслан  Мусин.

Бір кездері түкірігі жерге түспеген Аслам Мусин қазір қайда жүр? Жұрт аузындағы «Мусин шетелге қашып кетіпті» немесе «Мусин Германияда ем алып жүр екен, денсаулығы сыр беріпті» деген сыңаржақ қауесеттер қаншалықты шындыққа жанасады? Қазіргі Назарбаев қалыптастырған басқарушы жүйе бір кездегі өзінің сақаларының ішіндегі адуындысын неліктен керексіз етті? Сонда, Аслан Мусиннің саясаттағы рөлі  шахмат тақтасындағы «пешка» секілді болғаны ма?

Естеріңізде болса, Аслан Мусиннің тікелей қарамағында, қорғанында болған Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевті Президент орнынан алып тастағанда Мусинге қатысты түрлі саяси болжамдар жасалған. Сол кездегі Есеп комитетінің төрағасы лауазымынан бостылған Аслан Мусин Еуропаға қашып кетіпті, енді келмейтін секілді деген сыбыстар кеулегені туралы қазақстандық БАҚ аз жазбады (http://shyn.kz/article/view?id=44). Тіпті, кейбір ақпарат көздерінің айтуынша, Аслан Мусин өзіне шын берілген адамдардың барлығына шетелге қашуға кеңес берген-мыс. Экс-мәжіліс депутаты Аманжан Рысқалиев тұтқындалған соң, Мусиннің басына қара бұлт үйіріле бастағанын сол кезде өзі де сезсе керек-ті.

«Республика» басылымның жазуына қарағанда Аслан Мусин қазір шетелдегі қашып жүрген өзге де қазақстандық саяси эмигранттармен келіссөздер жүргізуге талпынып жатқан көрінеді. Әсіресе, Мұхтар Әблязовтың көңілін тауып, онымен бірлесіп Ақордаға қарсы компроматтар жарияламақшы екен.

Сонымен, жоғарыдағы айтылғандардан ұққанымыз, Мусин Рысқалиевтердің кесірінен ойыннан шығып қалып, шетелдегі билік оппоненттерімен ауыз жаласа бастаған-мыс.

Ал ресми органдағылар болса, Азаттық сайтына берген ақпаратында  «Есеп комитетінің Төрағасы Аслан Мусин ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін кезектi жыл сайынғы еңбек демалысында болады, қазiргі уақытта ол Германияда дәрiгерлiк тексеруден өтуде», - делінген (http://azh.kz/kz/news/view/4092 ). 2012 жылдың ақпаратында комитеттің аппарат жетекшісі  Виктор Супрун  Аслан Мусиннің президент әкімшілігінің келісімі бойынша демалыста екенін, «Республика» сайтында жарияланған «оның қашуына» қатысты мәлімет шындыққа жанаспайтынын жеткізген. Сонымен опозициялық БАҚ-тар жазған Мусиннің шетел асып кеткендігі жалған болып шыққаны ма?

Иә, Мусинді қашты деу жалған болғанымен, шетел асқаны шындық. Дәуірінде дүркіреп тұрған, түкірігін жерге түсірмейтін сенімді қалқандары мен қолшоқпарлары бар, ҚР Президент аппарытын басқарған, ҚР Есеп комитетін ұршықтай иірген Аслан Мусин қазір қарапайым елші ғана.

 Бір кездері Мусиннің сұсынан сескенбейтіндер аз еді ау... Ағайынды Рысқалиевтерге қалқан боламын деп жүріп, опық жеген Мусин жуық арада елге оралуы мүмкін деген сыбыс бар. Иә, Әкежан Қажыгелдин мен Аслан Мусиннің үлкен саясаттағы соңғы жүрістері бұл емес- ау... Айтапқшы бір кездері Президенттің қаһарына ұшырағандарға биылдан бастап рақымшылық жасалып, көл асаған көп шенеуніктің қайта бостандыққа жіберілуінде де бір гәп болса керек. Сондай бір рақымшылыққа ілініп, Аслан Мусин қайта еңсе тіктесе биліктің ауа-райы қалай құбылар екен?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Связанные Статьи