Бір үйдің қос баласы жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170708190950859_small.jpg

Алматы полициясы  жоғалып кеткен екі балаға іздеу жариялады. Бұл туралы «Қамшы » порталы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2008 жылы туылған Александр Нахаев  пен 2010 жылдың, 28 шілдесінде туылған  Полина Нахаева ересектердің қарауынсыз қалған кезде   үйден  шығып кетіпті. Үйлері Медеу ауданындағы  саяжай қауымдастығында орналасқан. Балалардың қайда екені әлі күнге белгісіз.

Медеу аудандық ішкі істер басқармасына қарасты полиция бөліміндегілердің жеткізуінше, балаларының жоғалып кеткені туралы полицияға олардың анасы екі күннен кейін ғана  хабарлапты.Анасы осы уақытқа дейін балаларды туысқандары алып кеткен болар деген жорамалмен жүрген.

Ұл баланың белгілері: түр-әлпеті еуропа нәсілді, бойы 120 сантиметр, шашы ашық түсті, қысқа. Үстіне кигені - суреті бар көк мәйке, көк джинс пен  көк кроссовка. Ерекше белгілері: орыс тілінде, аздап тұтығып сөйлейді.

Қыз баланың белгілері: түр-әлпеті еуропа нәсілді, бойы 110 сантиметр, шашы ашық түсті, қысқа. Үстінде ақ мәйке, көк түсті джинс белдемше мен қоңыр сандал б. Ерекше белгілері: орыс тілінде, аздап тұтығып сөйлейді.

Алматы  қалалық полиция бөлімі балалардың қайда екенін білетіндер болса Медеу АІІБ-ға хабарлауды сұрайды: Қабанбай батыр көшесі, 93. Телефондар: 254-48-40; 254-48-02; 8-702-6666044 немесе 102.

 

Связанные Статьи