Американдық отбасы 300 жыл бұрынғы байлыққа кенелді (видео)

/uploads/thumbnail/20170708190954582_small.jpg

Американың  Флорида штатында тұратын Шмиттер  отбасы 1715 жылы суға батып кеткен британдық кеме сынықтарын тапқан. Осылайша отбасы 300 жыл бұрын суға батқан кемені тауып, мол қазынаға кенелген. Бұл туралы «Қамшы» порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сүңгуірлер кеме бортынан жалпы құны миллион доллар болатын алтын монета тапты, деп хабарлады Mirror.

Бұл кеме  1715 жылы Кубадан Испанияға қарай бет алған. Жолай сұрапыл дауыл тұрып, бортында испандық ханшайымның аса бағалы заттары бар кеме суға батып кеткен.

Сүңгуірлердің айтуынша, қазына небәрі бір жарым метр тереңдікте жатқан. Борттан 50 алтын монета, қалың алтын шынжыр, испандық Филипп  V монархқа арналған корольдік монета табылды. Сарапшылардың бағалауынша,  оның құны бүгінде 500 мыңдай долларды құрайды.

Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи