Соңғы жылдары Қазақстанда кәмелет жасқа толмағандардың арасында жыныстық қылмысқа шатылушылардың көрсеткіші артып келетіндігіне ресми органдағылар алаңдаушылық білдіретіні туралы талай рет айтылғанымен, қылмыс саны азаймый тұр. Жақында Ақмола облысында тағы бір жан түршілегрлік оқиға орын алды. 8 сынып оқушысы 80 жастағы зейнеткерді соққыға жығып, зорламақ болған. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Новости-Казахстан» баслымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оқиға 29 шілде күні Ақмола облысында болған. Бейтаныс жеткіншік 1935 жылы туылған кейуананың үйіне басып кіріп, оны соққыға жыққан. Артынша оның зейнеткерді зорламақ болғандығы анықталған. Қылмысқа күдікті ретінде 1999 жылғы 8 сынып оқушысы ұсталған,дейді облыстық ІІД.
Қазір оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 бөлігінің “Қылмыс жасауға әрекеттену” және 120 бабы 1 бөлігінің “Зорлау” қылмыстары бойынша тергеу жүргізілуде.
Еске салсақ, бұған ұқсас жағдай 24 шілде күні Шығыс Қазақстан облысында болған еді. Колледж студенті 75 жастағы кейуананы зорлаған болатын.
Нұрзат Тоғжан