Бұл туралы «Қамшы» порталы Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Маңғыстау облысы республика бойынша аймақтық жалпы өнімді жан басына шағу көлемі жағынан төртінші орында. Облыстағы аймақтық жалпы өнім 744 мың теңгені құрап отыр, ҚР бойынша орташа көрсеткіш – 472,8 мың теңге. Өлкенің 2015 жылдың І жарты жылдығындағы нақты өсім – 103,7% құрайды, яғни ол 453,2 млрд. теңге. 2015 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша облыстағы өнеркәсіптік мекемелер қолданыстағы бағамен 772,5 млрд. теңге болатын өнім өндірді. Аймақтың өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 98,4%-ды құрап отыр», - делінген хабарламада.
Облыстағы бірқатар өнеркәсіптерде, атап айтсақ, металлдық емес минералды өнімдерде – 1,6 есе, резеңке мен пластмассалық бұйымдарда – 1,2 есе, былғары және сол тектес өнімдерде – 16,1%, азық-түліктерде – 20,3%, химия өнеркәсібінде – 1,7% өсім белгіленген.
Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы хабарлағандай, облыстағы мұнай өндіру 2014 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың І жартыжылдығы бойынша 9,2 млн. тоннаны немесе 100,7%-ды құрап отыр. Табиғи газды өндіру 16,8%-ға өсіп, 1173,3 млн. текше метрді құрады. Есептік кезең бойынша өлкенің өңдеу өнеркәсібінде 41,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 101,3%-ды құрады.
Оставить комментарий