Сіздерді маңызды мемлекеттік мейрам – Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл елдік пен бірлікті басты мұраты етіп таңдаған барша Қазақстан халқы мен Отанымыздың әрбір шынайы патриот азаматы үшін зор қоғамдық-саяси мәні бар ерекше мереке. Осы күнге дейін Астана тәуелсіз еліміздің жаңарған тарихының таңғажайып туындысына, жұртымыздағы өркендеу мен жасампаздықтың жарқын үлгісіне айналды.
Сарыарқаның төсінен Қазақстанның жаңа елордасын салу, оған Мәңгілік ел болу мүддесіне сай рухани мазмұн беру – Ұлт Көшбасшысы, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлы идеялары, шешімді қадамдары арқылы сәтті іске асқанына куә болудамыз.
Еуразияның кіндігі екендігін тек географиялық жайғасуымен емес, күллі адамзаттық құндылықтар мен ғаламдық озық ой-өріс орталығы болуға ұмтылысымен әлемге танытқан Астананың қарыштап дамуы – Қазақстанның кемел келешегінің кепілі.
Ұланғайыр даламыздың төрт құбыласын түгендейтін тоқсан тарау жолдың түйісер басты нүктесі, серпінді дамудың қуатты қозғалтқыш көзіне айналған Астананың алдағы уақытта да сән-салтанат сәулеті артып, мәдени, экономикалық тұрғыдан дами түсуіне барша ел тұрғындары бірлікпен үлес қосуға атсалысайық!
Қадірменді жерлестер!
Шуақты мереке – Астана күнімен баршаңызды құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық бақыт, ізгілікті іс-әрекеттеріңізге табыстар тілеймін! Егемен еліміз бен Елордамыздың еңсесі биіктей берсін!
Ізгі тілекпен, Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев
Оставить комментарий