Алматыда жаңа инфекциялық кешен 18 күнде бой көтерді. Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев Іnstagram парақшасында жариялады.
– Кешен халықаралық талаптарға сәйкес келеді. Нысанды сапалы әрі мерзімінде тапсырған құрылысшыларға алғыс айтамын. 280 орынға арналған аурухана барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Білікті мамандар жұмыс істейді. Негізгі міндет – қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, –деді Б. Сағынтаев.
Оставить комментарий