Астананың негізгі капиталына салынған инвестицияның көлемі 420 млрд. теңгені құрады

    Darkhan Muqantegi
    Астананың негізгі капиталына салынған инвестицияның көлемі 420 млрд. теңгені құрады

    Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 426 616,3 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы кезеңмен салыстырғанда 16,5%-ға көп. Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,7%-ды құрады (2014 жылғы қаңтар-тамызда 9,5%) деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұл туралы Қамшы порталы Baq.kz -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Қарастырылып отырған кезеңде инвестициялар салудың 233 899,5 млн. теңге сомасындағы негізгі көздері немесе жалпы көлемнің 54,8% шаруашылық субъектілерінің жеке қаражаты болып табылады, мемлекеттік бюджеттің үлесі 28,8%-ды немесе 122 739,4 млн. теңгені құрады.

    Салымдардың негізгі құрамдас бөлігі ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары болып табылды, олардың үлесіне 63,1% немесе 269 120,8 млн. теңгеден келеді, 2014 жылдың тиісті кезеңіне НКИ 119,6%-ды құрады.

    Машиналар мен жабдықтарды, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды сатып алуға инвестициялардың жалпы көлемінің 32,1% келеді, немесе 137 045,0 млн. теңгеден, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңінің көсеткішінен 7%-ға жоғары.

    Еске салайық, ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында қаланың кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы ауданы 1 197 448 ш.м. (оның ішінде пайдалы ауданы – 875 762 ш.м.) тұрғын үйлер салды және пайдалануға берді, бұл 2014 жылдың деңгейінен 74,2% жоғары.

    Барлығы тұрғын үй құрылысына 80 658,4 млн. теңге жұмсалды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 5,3% жоғары. 

    Қатысты Мақалалар