Біздің Путинге қоятын талаптарымыз бар

/uploads/thumbnail/20170708200925733_small.jpg

Ресей Федерациясының Президенті

В.В. Путинге

 

Құрметті Владимир Владимирович!

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері 1992 жылғы  25-мамырда қол қойған «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы» келісімде екі елдің де азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, халықаралық заң нормаларын қоса алғанда өзіне алған міндеттерді жоғары адамгершілікпен орындайтын тату мемлекеттер ретінде танитынын және осындай мақсатта қарым-қатынас жасайтынын айқындаған еді.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1998 жылғы 6 шілдеде қол қойылған «ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияда» да екі елдің достығы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталатыны көрсетілген.

Алайда, Ресей Федерациясы Қазақстан халқының өмір сүру, денсаулық сақтау, жақсы өмір сүруге қолайлы қоршаған ортада тіршілік ету құқықтарын бұзып отыр.

Сонымен бірге, екі елдің де Біріккен ұлттар ұйымының «Орхус Конвенциясына» қосылғанына қарамастан Қазақстан билігіне көрсетіп отырған әртүрлі қысымы мен ықпалы нәтижесінде Ресей Федерациясы да, Қазақстан Республикасы да аталған конвенция талаптарын орындамай отырғанын мәлімдейміз.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2025-жылға дейін улы гептил отыны қолданылатын «Протон» зымыранын ұшыруды жоспарлап отыр.

 «Байқоңыр» ғарыш айлағынан  1967-жылдан бері 400 ден аса «Протон» зымыран тасығышы ұшырылды. Оның ішінде 47-і сәтсіз аяқталған.

 «Протон-М» зымыран тасығышы 2007 жылдың 6 қыркүйегінде апатқа ұшырап, Жезқазған қаласынан 40 шақырым жерге құлаған. Былайша айтқанда, ондаған мың тонна гептил елді мекенге төгілді.

 Ал 2013 жылдың 2 шілдесінде   «Протон-М» зымыран тасығышы тағы құлап, 600 тонна гептил Байқоңыр ғарыш айлағынан 2,5 шақырым жердегі аумаққа төгілді.

Мұның бәрі Байқоңыр қаласының, оған жақын Төретам, Ақай елді мекендерінің, тіпті, Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына орасан зор зиянын тигізгеніне еш күмәніміз жоқ.

Оған дәлел, Қазақстанның Өскемен қаласында шығатын "Устинку плюс" газеті 5.03.2009ж. №10 санында мынандай ақпарат таратады: Управление здравоохранения ВКО, отвечая на запрос Центра экопатологии "11 февраля 2009 года, во время очередного запуска ракета-носителя "Протон-М", врачом-терапевтом медицинского объединения №2 Курчумского района проведен прием жителей села Такыр с целью оценки состояния здоровья населения. В основном люди обращались к доктору с жалобами на слабость, плохое самочувствие, нервозность, головные боли, головокружение, тошноту и рвоту. Всего осмотрено 42 человека. В 12 случаях зарегистрированы гипертонические кризы, в четырех – гипотонические состояния. Всем нуждающимся оказана медицинская помощь». http://technoavia.yk.kznwww.technoavia.yk.kz/news/show/2984. Сол жерде дәрігерлердің берген ақпараты бойынша, шағын ғана  зымыранның бөлшектері құлаған жерге жақын орналасқан Тақыр ауылының 206 тұрғынының денсаулығы тексеріліп,  олардың 168-і әртүрлі ауруға шалдыққаны анықталған. Олардың ішінде 51 адам жүрек-қантамыр ауруларына, 36 адамның жүйке бұзылу ауруына шалдыққан. Ал Қалжыр ауылындағы тексерілген 246 адамның жартысынан көбінің әртүрлі ауруларға бой алдырғаны анықталған. Бұл зымыран тасығыштың апатқа ұшырамаған кезінде қалыптасқан жағдай. Ал апат болған кезіндегі халықтың денсаулығы туралы ақпарат, бізге әлі күнге белгісіз.   

Бұл дегеніңіз, бейбіт күнде халыққа химиялық қару қолданумен бірдей. 

Сонымен бірге осы жылы Қазақстанның бірнеше облысында 150 мыңнан аса киіктің, 90 мыңнан аса малдың, басқа да жабайы аңдардың жаппай қырылуына Протон зымыранына пайдаланылатын гептил отынының тікелей қатысы бар деп есептейміз.

Демек, Протон зымыраны қазақстандық азаматтардың да, жан-жануарлар дүниесінің де өміріне орасан зор қауіп төндіруде.

Ресей Федерациясының Қазақстан аумағындағы 7 әскери-жаттығу полигондарында жасалып жатқан сынақтар да адам өміріне аса зиянын тигізуде. Әсіресе, Сарышаған әскери полигоны маңында нәрестелер мен жас балалар арасында дене кемістігі мен түрлі созылмалы аурулардың көбейгені байқалып отыр.

Владимир Владимирович, осы жағдайларды ескере отырып:

  1. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Протон зымыран тасығышын ұшыруды шұғыл тоқтатуыңызды;
  2. Ресей Федерациясының Қазақстан аумағындағы барлық әскери-жаттығу полигондарын жабуыңызды;
  3. Ресей Федерациясы КСРОның заңды мұрагері екенін ескере отырып, 30-жылдардағы аштық үшін Қазақстан халқына өтемақы төлеуіңізді;
  4. Қазақ жерінде 50 жыл бойы жасалған ядролық сынақтардың зардаптары үшін сынақ болған аумақтардағы азаматтардың денсаулығына тиген залал үшін өтемақы төлеуіңізді;
  5. Протон зымыранының 1967-жылдан бері ұшырылуынан қазақстандықтардың денсаулығына, қоршаған ортаға тигізген зияны үшін өтемақы төлеуіңізді талап етеміз!

 

«Антигептил» азаматтық қозғалысы

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи